For a better experience please change your browser to CHROME, FIREFOX, OPERA or Internet Explorer.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша жедел штабтың кезекті отырысы өтті

2022 жылы 17 наурызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізу мәселелері жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Іс-шараға штаб мүшелері -ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, қалалар мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары, квазимемлекеттік сектор мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Штаб мүшелері көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуді қарастырды.

Ведомство басшысы өз сөзінде тұрақтандыру қорларына егін егуге дайындық және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу мәселелері ерекше бақылауда екенін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің қазақстандықтарға Жолдауында көктемгі науқанды сапалы өткізу Үкімет пен әкімдіктердің басымдығы болып табылатынын атап өтті, аграршылардың барлық қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету қажет», — деді Ербол Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров өңірлердің көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындығы туралы ақпаратпен таныстырды.

Оның айтуынша, 2022 жылға егіс алқаптарының құрылымы қалыптасқан, жалпы егіс алаңы 23,1 млн га құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 125 мың га артық. Ауыл шаруашылығы техникасы 95% жұмысқа дайын. 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық, тұқым себу жоспардан 100% жүзеге асырылды.

Ағымдағы жылы шамамен 659 мың тоннаны енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,2 мың тоннаға артық.

Ағымдағы жылы шамамен 659 мың тоннаны енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 32,2 мың тоннаға артық.

Егіс науқанын қаржыландыруды арттыру мәселесі оң шешімін тапты, «Кеңдала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге және азық-түлік корпорациясы арқылы 80 млрд теңге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тағы 70 млрд теңге бөлінеді.

Өз кезегінде штаб мүшелері-қалалар мен облыстар әкімдерінің орынбасарлары техниканың дайындығы, қосалқы бөлшектердің, дизель отынының болуы, тұқым себу, өсімдіктерді қорғау, тыңайтқыштардың болуы және фермерлердің көктемгі науқанға дайындығының басқа да мәселелері туралы хабардар етті.

«Ауыл шаруашылығы құрылымдарымен тұрақты жұмыс жүргізу, проблемалық мәселелерді дер кезінде анықтау және оларға ден қою қажет. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру және техниканы лизингке беру мәселелерін жедел шешу. Қазіргі жағдайда шектен тыс бюрократия мен әуре — сарсаңға салуға жол берілмейді», — деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әкімдіктер тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын форвардтық қаржыландыруға «айналым схемасын» қалыптастыру шеңберінде көзделген ақша қаражатының бір бөлігін бағыттау бойынша жұмысты жандандыруы қажет.

Бұл шара отандық өндірушілерді қолдауға, әсіресе ШҚБ кезінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өткізу нарықтарына қол жеткізуге, өнімді сатып алу және өткізу жүйесін реттеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұған қоса, ағымдағы ахуалды және оның даму үрдістерін кешенді талдауды негізге ала отырып, субсидиялаудың жаңа тетігін енгізу мәселесін келесі жылға дейін кейінге қалдыру және ағымдағы жылы АӨК-ні қолданыстағы қағидалар бойынша мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

«Сонымен қатар, отандық агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын сақтау қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қолдауды сақтап қана қоймай, күшейту туралы шешім қабылданды», — деді Ербол Қарашөкеев.

Субсидиялаудың жаңа ережелерін әзірлеу процесі жалғасып жатыр,  алдағы үш жылдық бюджеттің параметрлерін жоспарлау кезінде негізге алынатын тұжырымдамалық сәттер әзірленеді және келісіледі.

Сөз соңында Ербол Қарашөкеев жалпы дайындық бар екенін, алайда әкімдіктер деректерді қайта тексеріп, проблемалық мәселелерді анықтаған кезде оларды жедел түрде шешу қажеттігін атап өтті.

leave your comment

Ваш адрес email не будет опубликован.

Top Android
Android